Бауыр қатерлі ісігі бүгінде өзекті мәселе болып табылады.
Қазақстанда онкологиялық сырқаттанушылықтың құрылымында диагноз 3-4% жағдайда, ал ерлер арасында жиі кездеседі. Көптеген науқастарда бауыр қатерлі ісігінің дамуы фондық патологияның болуымен байланысты: В, С вирустық гепатиті, бауыр циррозы.
Онкологиялық орталық дәрігерлерінің мақсаты-науқастарға көмек көрсету үшін қолда бар барлық емдеу әдістерін, соның ішінде ең жаңа емдеу әдістерін қолдану. Сондықтан бүгін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының алаңында онколог-дәрігерлер, хирургтар, химиотерапевтер мен рентгенологтар қатерлі ісіктің осы түрінің дәрілік терапиясының жаңа мүмкіндіктерін талқылады.