Осы мерекені «Онкология және хирургия орталығының» қызметкерлері бүгін өз пациенттеріне арнап ұйымдастырды. Олар Жаңа жыл қарсаңында денсаулық жағдайы бойынша мерекені үйде қарсы ала алмайтындарды құттықтады.
Орталықтың қызметкерлері Аяз Ата мен Ақшақар костюмдерімен «Көпсалалы онкология және хирургия орталығының» бөлімшелеріне барып, урология, маммология, химиотерапия және паллиативтік бөлімшелерде болды. Аяз Ата мен Ақшақар өздерінің пайда болуымен пациенттердің жүздеріне күлкі сыйлап қана қоймай, сыйлықтар – кәмпиттер мен мандариндер табыс етті.
Жауап ретінде пациенттер осындай назар мен қамқорлық үшін алғыс айтты.