2024 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАҢТАРДА ШҚОКОЖХО ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АННА АЛЕКСАНДРОВНА КУХАРЕВА СТАЦИОНАР БӨЛІМШЕЛЕРІН АРАЛАП ШЫҚТЫ

Медициналық көмектің сапасын ауруханаішілік бақылау және пациенттердің қанағаттанушылығын зерттеу мақсатында ШҚОКОЖХО директорының орынбасары Анна Александровна Кухарева стационар бөлімшелерін аралап көрді.

Аралау барысында директордың орынбасары бөлімшелердің жұмысымен, палаталардың, процедуралық кабинеттердің санитарлық жағдайымен және науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз етумен танысты. Емдеуші дәрігерлермен ауыр науқастардың жай-күйі талқыланды, пациенттермен әңгімелесті, медициналық қызмет көрсету сапасына, тамақтануға, болу жағдайларына қанағаттанушылықты сұрады, өтініштер мен тілектерді тыңдады. Пациенттер өздерінің әл-ауқатын, медициналық персоналдың назарына, сондай-ақ емдік тамақтану сапасына риза екендіктерін атап өтті.

Директордың орынбасары аралап өту барысында туындаған мәселелер бойынша реанимация, онкохирургия, онкоурология, маммология және онкогинекология бөлімшелерінің меңгерушілеріне нұсқаулар мен ұсыныстар берді. Бөлімшелердің жұмыс көрсеткіштерін жақсарту, оның ішінде төсек жұмысының қарқындылығын арттыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Сегодня 8 января 2024 года заместитель директора Кухарева Анна Александровна провела обход отделений стационара ВКОМЦОиХ - ВКО многопрофильный