ШҚО КОЖХО ОНКОЛОГТАРЫ АПВ-НА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Бүгін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкогинекология және маммология бөлімшесінің меңгерушісі Серік Мухамеджанов, сондай-ақ хирург-онкогинеколог Жандос Жагниев №2 қалалық емхананың медицина қызметкерлерімен АПВ-на қарсы вакцинация мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Іс-шара барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларға қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарын әзірлеп, бекітті, оған сәйкес осы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда адам папилломавирусына қарсы вакцинация енгізілуде. Вакцинацияны 11 жастағы қыздар ата-аналарының ерікті келісімі бойынша алады. Вакцинация жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың негізгі әдісі болып табылады және қазақстандық дәрігерлердің болжамы бойынша болашақта сырқаттанушылықты 74,2% – ға төмендетуге мүмкіндік береді.

– 2, 4 және 9 валентті вакциналар бар, олар енгізілген кезде АПВ – ның ең онкогенді түрлеріне иммунитет қалыптастырады, – деп түсіндірді Серік Мухамеджанов. – Вакциналар ДДҰ мақұлдаған, олар Еуропа, Америка және Австралия елдерінің егу күнтізбелеріне енгізілген. АПВ вакцинасын жыныстық қатынас басталғанға дейін жасау керек. Сондықтан 11 жас ең қолайлы болып саналады. Қазақстанда 4 валентті вакцинамен вакцинация жүргізу жоспарлануда.

Хирург онкогинеколог Жандос Жагниев халықаралық онкогинекологтар қоғамы жатыр мойны обырын вакцинация арқылы алдын алуға болатын онкопаталогияның жалғыз түрі деп санайтынын атап өтті. Алайда, халық онкологиялық ауруларды ерте анықтауға көмектесетін скринингтерді елемеуі керек. Кездесуге қатысушылар жатыр мойны обырының алдын алу және АПВ вакцинасының әсері туралы қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Түсіндіру жұмыстары жалғасады. Осы аптада осындай кездесулер Өскемендегі тағы үш емханада өтеді.

Онкологи ВКО МЦОиХ проводят разъяснительную работу по вопросам вакцинации от ВПЧ - ВКО многопрофильный