ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында салтанатты жиналыс өтті, онкологиялық орталықтың директоры Гульмира Сагидуллина Республика күніне орай екі маманға ведомстволық наградалар табыс етті.
Пациенттерді қолдау және медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы Назигуль Байбакирова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері атанды.
Сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Малика Мейрманова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Біз әріптестерімізді құттықтаймыз және олардың жетістіктерімен мақтанамыз!