Үш күн ішінде ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары «Медициналық қызмет көрсету кезіндегі жүйелі тәсіл» тақырыбында оқытудан өтті. Дәріскер персоналды, сервисті, бизнес-процестерді басқару саласындағы сарапшы, Graduate School of Business AlmaU бизнес-мектебінің оқытушысы Самал Мамашаева болды.
Онкологиялық орталықта медициналық көмек көрсету сапасына ғана емес, сонымен қатар пациенттердің жайлылығына, олармен сенімді қарым-қатынасқа ерекше назар аударылады, өйткені бұл емдеу процесіне оң әсер етеді. Сондықтан мамандар өз біліктілігін үнемі арттырып отырады соның ішінде осы бағытта да. Оқыту пациентке бағытталған қызметті құруға, медициналық персоналдың бір-бірімен және пациенттермен байланысын жақсартуға, жанжалды жағдайлармен жұмыс істеуге және көрсетілетін медициналық қызметтерді талдауға бағытталған.
Сарапшының жетекшілігімен оқу барысында ШҚО КОжХО мамандары пациентке бағдарланған сервисті іске асыру үшін өсу нүктелері мен бағытын анықтады, сондай-ақ өз жұмысын жетілдіру үшін ұсыныстар мен құралдар алды.