ШҚО Онкология және хирургия көпсалалы орталығының пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

ШҚО Онкология және хирургия көпсалалы орталығының пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі – емдеу үдерісінің барлық кезеңінде сапа мен сенімділікті қамтамасыз ететін команда. Бұл қызметтің мамандары әрбір пациенттің өзін қамқорлық пен сенімге толы ортада сезінуі үшін жұмыс істейді.

Координаторлар пациент пен медициналық қызметкерлер арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын бақылап отырады.
Әлеуметтік қызметкерлер тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, ал психологтар пациенттің эмоционалдық жағдайын қолдайды.

Қызметтің сарапшылары стандарттар мен пациент құқықтарының сақталуын қадағалап, медициналық көмектің сапасына деген сенімді арттырады.

Кері байланыс алу және ұсыныстарды қабылдау мақсатында арнайы стендтер, ұсыныс жәшіктері мен QR-кодтар орнатылған. Олар пациенттерге өз пікірін білдіруге, өтініш немесе шағым қалдыруға, сондай-ақ құпия түрде кеңес алуға мүмкіндік береді.

Біз бірге әр пациентке назар мен қамқорлық, сенім мен жайлылық сыйлайтын кеңістік құрамыз.