ШҚО ДСБ Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы
«Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара
ХАТТАМАСЫ
Өскемен қаласы 28 мамыр 2026 ж.
2026 жылғы 28 мамырда Онкология және хирургия орталығының мәжіліс залында «Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара «Тәуелсіз зерттеулер орталығы» ҚБ басшысы Жанар Кабдуллинова Кабдуллақызының қатысуымен өтті, Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, онда Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеттегі іс-қимылдан қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне және халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын саналы түрде қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуге бағытталған. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін ашықтыққа, заңдылыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке оқыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
«Тәуелсіз зерттеулер орталығы» ҚБ басшысы Ж.К. Қабдуллақызы қатысушыларды оқыту семинарының тақырыбымен таныстырды:
Қаралды:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттары: баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік, жариялылық ашықтық және қоғамға есеп беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалану, мемлекет пен азаматтықтың өзара іс-қимылы (Е-қызмет, Е-өтініш, Еңбек), сыбайлас жемқорлықты оның барлық бағыттарында қабылдамау және т. б.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы: парасатты қоғамды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндігін болдырмау, жауапкершіліктің қайтымсыздығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның қатысуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мониторингі, уәкілетті орган.
- Психологиялық факторлар-сыбайлас жемқорлық мінез-құлық: көзқарастар, стереотиптер.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастырудың бес деңгейі:
– мағыналар мен құндылықтар деңгейі;
– когнитивті моральдық деңгей. Бұл деңгейге «ҰЯТ», «ЖАМАН», «ОБАЛ» сияқты адамгершілік мінез-құлық көзқарастары жатады;
– «өмірге, мамандыққа, жеке мәртебеге және өзін-өзі бағалауға қанағаттану» эмоционалды деңгейді білдіреді;
– реттеуші деңгей бақылау локусының көрсеткішімен байланысты
(Бақылау локусы-адамның өз өмірін қаншалықты басқаратыны туралы идеясы. Егер ол өзімен болып жатқан оқиғалардың көп бөлігі өз әрекеттерінің нәтижесі екеніне сенімді болса, оның ішкі бақылау локусы бар. Керісінше: егер адам өз өмірін сыртқы жағдайлармен анықтайды деп санаса – оның сыртқы бақылау локусы бар);
– мінез-құлық деңгейі реакцияның екі негізгі түрімен байланысты: импульсивті және рефлексивті.
- Зерттеу нәтижелері.
Аталған іс-шараға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, оларды талқылауға белсенді қатысты.
Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК-дан оқыту семинарына медициналық және әкімшілік персоналдың қызметкерлері, сондай-ақ комплаенс-офицері Е.К. Кошчибаева қатысты.
28.05.2026 жыл