Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара ХАТТАМА 23.09.2026

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы

«Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК

 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара

 

ХАТТАМА

 

Өскемен қаласы                                                                                                                                              2026 жылғы 23 қыркүйек

 

2026 жылғы 23 қыркүйекте Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 мекенжайында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 5-корпусында, комплаенс-қызметтер саласындағы өзгерістер мен толықтыруларды талқылау және облыстағы квазимемлекеттік сектордың ірі субъектілерінің комплаенс-қызметтері қызметінің нәтижелерімен танысу бойынша іс-шара өткізілді.

ШҚО бойынша МҚІАД (Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А.А. Бейсембаевтың баяндамасы тыңдалды.

Комплаенс-офицерлер форумының шеңберінде Орталық мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 10 тамыздағы № 143 бұйрығымен бекітілген квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ереженің жаңа редакциясын қолдануға қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Қатысушыларға мынадай негізгі өзгерістер түсіндірілді:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті дербес құрылымдық бөлімше ретінде құру және комплаенс функцияларын жүзеге асыруға жауапты тұлғаны айқындау критерийлері;
  • комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оларға сатып алуға, қаржыға, бухгалтерлік есепке, кадрлық, шарттық жұмыстарға, ішкі аудитке және басқа да бағыттарға байланысты өздеріне тән емес функцияларды жүктеуге жол бермеу;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және мониторингтеу, профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды ұйымдастыру және тексерулер жүргізу жөніндегі комплаенс-қызметтердің негізгі функциялары мен өкілеттіктері;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін мүдделер қақтығысын анықтау, алдын алу және реттеу саласындағы комплаенс-қызметтердің жаңа өкілеттіктері;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізу;
  • квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығына жыл сайынғы есептілікті ұсыну және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органды тоқсан сайын хабардар ету тәртібі;
  • комплаенс-қызметтердің ұсынымдары мен қорытындыларын міндетті түрде қарау.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарын Үлгілік ереженің жаңа редакциясына сәйкес келтіру қажеттілігіне, сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін мүдделер қақтығысы және тиісті шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізу мәселелерін реттейтін нормалардың қолданысқа енгізілуіне дайындыққа ерекше назар аударылды.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, облыстық және қалалық мәслихаттардың өкілдері, комплаенс-қызметтердің өкілдері, сондай-ақ комплаенс-офицер Е.К. Қошчибаева қатысты.