Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара ХАТТАМА 24.09.2026

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы

«Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК

 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара

 

ХАТТАМА

 

Өскемен қаласы                                                                                                                                                            2026 жылғы 24 қыркүйек

 

2026 жылғы 24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК комплаенс-офицері Е.К. Кошчибаева құпия ақпаратты жария ету жағдайында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарастыру бойынша іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен әдептілігін арттыруға бағытталды.

Іс-шараға әзірленген жоспарға сәйкес дозиметрия және сәулелік терапияны физикалық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің, радиология бөлімшесінің, АРҚТБ, операциялық блоктың, медициналық жабдықтарды пайдалану бөлімінің, онкогинекология және маммология, онкохирургия бөлімшелерінің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы қатысты.

Іс-шара дөңгелек үстел форматында өткізілді. Іс-шара барысында слайдтар көрсетіліп, нақты мысалдар қарастырылды және келіп түскен сұрақтар талқыланды.

Көпсалалы онкология және хирургия орталығы қызметкерлерін 100% қамтуды қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды одан әрі өткізу жоспарлануда.