Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

3 немесе 4 сатыдағы онкология диагнозы қойылған жағдайда көмектесуге бола ма?..

3 немесе 4 сатыдағы онкология диагнозы қойылған жағдайда көмектесуге бола ма?.. - ШҚО КӨПСАЛАЛЫ ОНКОЛОГИЯ   ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
27 07 2020 910

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ

3 немесе 4 сатыдағы онкологиялық аурудың диагнозы қойылған жағдайда көмектесуге бола ма?

Үміт үзіп қажеті жоқ.Онкологтардың жоғары білікті заманауи әдістері, бүгінде өмірді айтарлықтай ұзартуға мүмкіндік береді.

Өскеменқаласының  Онкологиялық орталығында осы жылдың маусым-шілде айларында бүйрек обыры басталған кезде жүргізілген радикалды операциялар бұған айқын дәлел бола алады.

Осы жылдың маусым айында онкоуролог Хусан Умурзаков бауыр метастаздары және қуыс венадағы ісік тромбасы бар 4-сатылы оң бүйректің қатерлі ісігі диагнозымен пациентке операция жасады. Бұл операцияға Асқар Ибраев, Саян Сағидуллин ассистент болды.

Жақында ғана жас онкохирург Асқар Ибраев сол жақ бүйректің 3б сатысындағы қатерлі ісігі диагнозымен, бүйрек венасында ісік тромбы бар пациентке операция жасады. Жомарт Садыков, Саян Сагидуллин ассистент болды.

Екі жағдайда да тромбэктомиямен нефрадреналэктомия, сондай-ақ ішпердедік лимфодиссекциялар жүргізілді.

Басқа сөзбен айтқанда, ісік пен бүйрек үсті безі, бүйрек көктамырынан тромба және ішпердедент ыс лимфа түйіндері бір мезгілде жойылған.

Өткен айда операция жасалған пациент қазіргі уақытта таргеттік терапияны алады, орган ыдырай бастағанына қарамастан, жағдайы жақсы.

Екінші науқас динамикада онкологтардың бақылауында.

Мұндай хирургиялық емдеу өте күрделі және ауқымды және жоғары техникалық медициналық қызметке жататынын атап өткен жөн. Орта есеппен Өскемен Онкологиялық орталығында осындай операцияларды 10-нан 15-ке дейін орындайды.

 

#онкология#ОнкоЦентрОскемен#ОнкоЦентрУстьКаменогорск#бізбіргемыз#РакНеПриговор

Comments System WIDGET PACK