Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

Онкологиялық қызметті бақылау және бағалау тобы Глубокое ауданына барады

Онкологиялық қызметті бақылау және бағалау тобы Глубокое ауданына барады - ШҚО КӨПСАЛАЛЫ ОНКОЛОГИЯ   ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
29 04 2024 139

30 сәуірде Глубокое ауданына ШҚО ДСБ штаттан тыс бас онкологы Гульмира Сагидуллина мен ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары құрамында онкологиялық қызметтің мониторингі мен бағалау тобы (бұдан әрі - МжБ) келеді.

МжБ тобы қатерлі ісіктердің ерте диагностикасын жақсарту мақсатында МСАК ұйымдарына консультациялық және практикалық көмек көрсетуге шақырылады. Сапар барысында онкологтар тексеру кабинеттерінің жұмысын, онкоскринингтерді жүргізуді, «жасыл дәлізді» іске асыруды талдайды, сондай-ақ ауданда онкологиялық қызметтің тиімділігін жақсарту бойынша бағалау мен ұсынымдар береді.

Онкологиялық орталықтың мамандары пациенттерді қабылдайды, сондай-ақ онкологиялық сақтық және қатерлі ісіктердің алдын алу мәселелері бойынша қажетті кеңес береді.

Онкологтарды қабылдау Глубокое ауданының орталық аудандық ауруханасында Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 24а мекенжайы бойынша өтеді.

Comments System WIDGET PACK