Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

ШҚО МАММОЛОГ-ОНКОХИРУРГТЕРІ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ КЕСІРІЕНЕН ОТАМЕН АЛЫП ТАСТАҒАН ОМЫРАУ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖАСАЙДЫ

ШҚО МАММОЛОГ-ОНКОХИРУРГТЕРІ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ КЕСІРІЕНЕН ОТАМЕН АЛЫП ТАСТАҒАН ОМЫРАУ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖАСАЙДЫ - ШҚО КӨПСАЛАЛЫ ОНКОЛОГИЯ   ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
17 05 2023 169

Ондай ота тегін кепілдендірілген медициналық көмектің шеңберінде ақысыз жасалады.
Елімізде 2009 жылдан бастап қыз-келіншектерге сүт безі қатерлі ісігінің скринингінен өтуге болады. Жыл сайын тек облыста ғана 50 мыңнан астам әйел тексеріледі. Орташа алғанда, өңірде дәрігерлер жыл сайын "сүт безі қатерлі ісігі" диагнозы қойылған 290-320 пациентті алғаш рет есепке алады.
Орталықтың онколог-маммологы Инна Чертищеваның айтуынша, осы скринингтің арқасында облыста қатерлі ісік өте ерте, 0-1 сатысында анықтала бастады.
-Анықтау деңгейі жоғары болғандықтан біз өте кішкентай ісіктерді де анықтауды үйрендік. Соның нәтижесінде біз сүт безі қатерлі ісігіне онкопластикалық оталарды, сондай - ақ осы патологияда сүт безін толығымен алып тастағаннан кейін реконструктивті операцияларды белсенді түрде жасай бастадық, - деді Инна Леонидовна. - 2018 жылы бізде алғаш рет доктор Абсар мастер-класс өткізді. Абсар Мұхаммед Шаминиз онкопластикалық хирург, Манчестердегі (Ұлыбритания) сүт безі обыры хирургиясы орталығының клиникалық директоры. Алдымен мен одан үйрену үшін Лондонға бардым, содан кейін ол өзі осында келді. Біз сол кезде екі онкопластикалық операция жасадық, екеуі де сәтті аяқталды. Кейіннен тәжірибемізге осы әдісті белсенді түрде енгізіп, қазір де кеңінен қолданыламыз.
Өткен жылдан бастап орталықтың онколог-хирургтары сүт безін толығымен алып тастағанда хирургияны қолдануға мүмкіндік алды. Облыста бұрын сүт безі қатерлі ісігіне ұшырағанда радикалды мастэктомия ( сүт безін толығымен алып тастау) жасатқан әйелдердің саны көп.
-Біз олардың бұлшық еттерін сақтап қалдық, бірақ сүт бездері мен лимфа түйіндерінің коллекторларын толығымен алып тастағанбыз. 2022 жылы жеті науқастың сүт безін толық қалпына келтіру операциялары жүргізілді. Біз омыраудың көлемін де, пішінін де қалпына келтіріп, емізікті қалпына келтірумен оған эстетикалық әсер бере алдық. Яғни, әйелдер енді өз денесінен ұялмайтын болады. Кейін олар татуировка жасатып алса, отаның ізі де білінбейді. Бәрі соншалықты табиғи көрінеді, бұл әйелдің бір кездері сүт безін алып тастаған деп айта да алмайсыз, - деп түсіндірді Инна Чертищева.
Ең қуаныштысы - сүт безін қалпына келтіру операциясының бұл түрі барлық әйелдер үшін тегін. Науқастың сақтандыру жүйесінде сақтандырылған, сақтандырылмағанына қарамастан. Ондай ота тегін кепілдендірілген медициналық көмектің шеңберінде ақысыз жасалады.
Қазір көпбейінді онкология және хирургия орталығында үш маммолог-онколог жұмыс істейді. Олардың біреуі науқастарды таңертеңнен кешке дейін қабылдайды және екі хирург операция жасайды. Онкохирургтер онкопластикалық операциялардың барлық түрлерін, оның ішінде қайта қалпына келтіру отасын да жасайды. Көпбейінді орталықтың маммология және онкогинекология бөлімшесі 18 төсекке есептелген және осы жерде айына орта есеппен 68 қыз-келіншек емделіп шығады.
- Қазір біздің алған қойған мақсатымыз көп. Маммологиялық орталық ашу сияқты керемет жобамызды бастаймыз. Сүт безі проблемаларымен келген әйелге бірнеше күн ішінде нақты дәл диагноз қойылады деп үміттенеміз. Біз тиімді, жақсы емдеу әдістерін қолданатын боламыз. Жоспарда аспирациялық вакуумдық биопсияны қолға алу бар. Бұл сүт безінің қатерсіз ісіктері кезінде тіліксіз, яғни тесу арқылы жасалатын операция. Біз диспансерде отаның осы түрі болғанын қалаймыз, - деп атап өтті Инна Леонидовна.
Естеріңізге сала кетейік, сүт безі қатерлі ісігі әлемде аурушаңдық пен өлім-жітім бойынша алдыңғы орында тұр. Дерт 50-ден 60 жасқа дейінгі әйелдерде жиі кездеседі. Елімізде сүт безі обырының алдын алу мақсатында 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер екі жылда бір рет омыраудың қатерлі ісігін анықтауға арналған скринингтен өтеді.
Облысқа танымал онкомаммолог Инна Чертищева әйелдерді осы скринингтік тексеруден өтуге үндеді.
-Құрметті қыз-келіншектер, осы тексеруден міндетті түрде өтіңіздер. Сіздердің отбасылық-амбулаториялық орталықта түсірген маммография қорытындысы бізге онкодиспансерге жіберіледі, оларды біздің рентгенологтар оқиды. Егер оларға бірдеңе ұнамаса, күмәнді көрінсе, біз қосымша тексеруге шақырамыз. Мақсатты биопсия, ультрадыбыстық тексеру, ісіктің табиғатын тексеру үшін ( қатерлі немесе қатерсіз екенін) трепан-биопсия алу сияқты тексерулер жүргізіледі. Содан кейін сіз толығымен тегін, мемлекет кепілдік берген ем ала аласыз, - деді Инна Леонидовна.
Маманның пікірінше, өзін-өзі құрметтейтін және жақсы көретін әрбір әйел ай сайын өзін-өзі тексеріп тұруы тиіс, ол үшін омырауын ұстап, пальпация жасау керек. Егер бірдеңеден күдіктенсе, бірден маманға хабарласқан жөн.

Comments System WIDGET PACK