Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

Онкологиялық орталықтың мамандары Өскемендегі нейрохирургтармен бірлесіп стереотактикалық радиохирургия мен радиотерапияның артықшылықтарын талқылады

Онкологиялық орталықтың мамандары Өскемендегі нейрохирургтармен бірлесіп стереотактикалық радиохирургия мен радиотерапияның артықшылықтарын талқылады - ШҚО КӨПСАЛАЛЫ ОНКОЛОГИЯ   ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
15 04 2024 89

Орталық жүйке жүйесінің ауытқулары бар Шығыс Қазақстан облысының науқастары үшін хирургиялық - стереотактикалық радиотерапия және радиохирургияға (гамма-пышақ) балама ем алудың бірегей мүмкіндігі пайда болды.

Бұл жоғары технологиялық әдістерді ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары мидың қатерлі ісіктерін және сүйек метастарын емдеу үшін қолданады. Бұл онкологиялық орталыққа 2022 жылы желілік үдеткіштің жаңа буынын сатып алу арқылы мүмкін болды.

Онкологиялық орталықта осы әдісті қолдану аясын кеңейту үшін онкологтардың, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының шақырылған нейрохирургтарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, оның шеңберінде онкологиялық және нейрохирургиялық аурулары бар науқастар үшін стереотактикалық радиохирургия мен радиотерапияның артықшылықтары талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медициналық қызметтердің осы түрлерін алуға науқастарды жіберудің аспектілері туралы әңгімелесті және бірлескен ынтымақтастық туралы келісті.

Нейрохирургтер сәулелік терапия орталығының жұмысымен және сәулелік терапия мен диагностика жүргізуге арналған заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен танысты.

Comments System WIDGET PACK