Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

Үйде хоспистер

Үйде хоспистер - ШҚО КӨПСАЛАЛЫ ОНКОЛОГИЯ   ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
27 09 2019 1080

1 қазаннан бастап онкологиялық аурулардың, әсіресе 4-ші клиникалық тобы бар пациенттердің жоғары деңгейі байқалатын ШҚ аймағының төрт ауданында Глубокое, Шемонаиха, Зырян аудандарының орталық аудандық ауруханалары мен Риддер қаласының қалалық ауруханасы базасында паллиативтік көмектің (үйдегі хоспис) 4 мобильді бригадасы жұмыс істей бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында үш ай бойы екі емхана базасында екі мобильді паллиативтік көмек бригадасы жұмыс істейді. Қысқа уақыт ішінде олар 300-ден астам шақыруларды жүзеге асырды, соның арқасында психологиялық, әлеуметтік, медициналық көмек түрлері көрсетілді, сондай-ақ «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша Онкоорталықтың паллиативтік бөлімшесіне жатқызу мәселелері шұғыл шешілді.

Жаңа мобильдік бригадалардың құрылуына байланысты, көпсалалы Онкология және хирургия орталығы аталған ОАА үшін мобильдік топтардың ұйымдастырылуы мен қызметіне консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті. Онколог дәрігерлерін, медбикелерді, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарды оқыту мен кеңес беруде ұйымдастыру-әдістемелік көмекті Онкоорталықтың қызметкерлері одан әрі көрсететін болады.

Comments System WIDGET PACK