Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

КТ мен МРТ, УДЗ қалай өтуге болады

КТ мен МРТ, УДЗ қалай өтуге болады

КТ мен МРТ қалай өтуге болады

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында ШҚО Көпсалалы Онкология және хирургия орталығында «Д» есебінде тұрған пациенттер. Қабылдау кезінде ХТҚО онкологы КТ/МРТ, УДЗ зерттеу жүргізу үшін көрсеткіштерді анықтайды және диагнозын көрсете отырып, квота береді.
  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде МӘМС жүйесінің барлық қатысушылары (медициналық сақтандыруға тұрақты түрде аударымдар жүргізетін азаматтар, оның ішінде жарналарды мемлекет төлейтін жеңілдік берушілердің 15 санаты) тіркелген жері бойынша емхананың онколог дәрігерінен жолдамасы болған кезде.
  1. Кез-келген маманның жолдамасы болған жағдайда ақылы негізде.

Қалай жазылуға болады

-     Қолында басып шығарлыған қағаз түріндегі жолдамасы бар пациент. Сәулелік терапия және диагностикалау орталығының (3 корпус) тіркеу орнында немесе мына телефондар арқылы жазыла алады: +7 (705) 507-32-40, 8 (7232) 74-12-51, 8 (7232) 74-27-95.

-      Жазылу жұмыс күндері сағ. 8.00-ден 16.00-ге дейін.

Қандай құжаттар болуы керек

  1. Жеке куәлік көшірмесі, егер болған жағдайда зейнетақы куәлігі және мүгедектігі туралы анықтама.
  1. Контрастпен КТ кезінде:

         - тіркелген жері бойынша қанның биохимиялық талдауы (креатинин, несепнәр).

         - контрастты заттарға аллерготест (томогексол, вигексол, ульравист), Диагностикалық орталықта, Әуезов даңғылы 26, жұмыс күндері сағат 8.00-11.00

Нәтижесін қалай алуға болады

-  Зерттеу нәтижелері 5 жұмыс күні ішінде емдеуші дәрігерде КМАЖ (кешенді ақпараттық жүйе) жүйесінде қалыптастырылады

Компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны зерттеу бойынша рентген үлдірлер берілмейді, зерттеу нәтижелері электрондық тасығыштарда (DVD-R) беріледі және міндетті түрде медициналық ақпараттық жүйе бойынша жіберген (емдеуші) дәрігерге беріледі.

 

УДЗ-ге қалай жазылуға болады:

- жұмыс күндері сағат 12.00-14.00 дейін, 74-24-07 телефоны бойынша жазылу.

Қандай құжаттар болуы керек:

- жеке куәлік көшірмесі