Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

Пансионат

 

Пансионаттың негізгі міндеті - Өскемен қаласынан тыс жерде тұратын, тексерілуге (консультацияға), емделуге дейінгі жолдама алған пациенттердің уақытша болуы.

 Қойылған міндеттерге сәйкес пансионат:

- пациенттерді қабылдауды, орналастыруды;

-пациенттерге білікті медициналық көмек, медициналық тексеруге дайындықты;

- алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті қамтамасыз етеді.

 

Пансионатта орналастыру тәртібі

  • Пансионатқа орналастыру ерікті негізде жүгінген және емделушілер өз еркімен өтініш білдірген кезде, бекітілген баға прейскурантына сәйкес пансионатта болу туралы ақылы сервистік қызметті пайдалану жүзеге асырылады.
  • Пансионатқа, тұрақты күтім талап етілетін мүмкіндігі шектеулі пациентті орналастырған жағдайда, онымен бірге бір сенімді тұлғаға тұруға рұқсат етіледі.
  • ШҚО «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК пансионатына орналастыру кезінде пациентпен заңмен белгіленген тәртіпте шарт жасасуға және төлем туралы растайтын құжатты беруге міндетті.
  • Пансионатта болу мерзімі, жүргізілген алдын ала төлемге сәйкес келеді.
  • Пансионатта броньға тапсырыстар қабылданбайды.
  • Бос орын болған жағдайда пациентке орын төленген күні берілуі тиіс.
  • Пансионатта тұру үшін төлем жергілікті уақыт бойынша қоныстанған сәттен бастап бір тәулік есебінен белгіленеді.
  • Келу күні және пансионаттан шығарылған күн бір күн үшін есептеледі және төлем тең алынады.
  • Емделуші тұрған кезде 24 сағаттан кем уақыт емделушінің шыққан уақытына қарамастан бір тәулік үшін төлем алынады.
  • Емделуші төленген уақыт аяқталғаннан кейін ұзақтығы 6-дан 12 сағатқа дейін және 12 сағаттан артық кідіртілген жағдайда төлем толық тәулік ретінде алынады  .

 Пансионаттың жұмыс тәртібі: тәулік бойы, демалыс және мереке күндері.

Положение о пансионате