МжБ тобы қатерлі ісіктердің ерте диагностикасын жақсарту мақсатында МСАК ұйымдарына консультациялық және практикалық көмек көрсетуге арналған. Сапар барысында онкологтар тексеру кабинеттерінің жұмысын, онкоскринингтерді жүргізуді, «Жасыл дәлізді» іске асыруды талдайды, сондай-ақ ауданда онкологиялық қызметтің тиімділігін жақсарту бойынша бағалау мен ұсынымдар береді.
Жұмыс барысында онкологиялық орталықтың мамандары пациенттерді қабылдайды, сондай-ақ онкологиялық сақтық және қатерлі ісіктердің алдын алу мәселелері бойынша қажетті кеңес береді.
Онкологтарды қабылдау Шемонаиха ауданының орталық аудандық ауруханасында Шемонаиха қаласы, Повстанческая көшесі, 87 мекенжайы бойынша өтеді.