Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

Онкологиялық қызметтің мониторингі мен бағалау тобы Шемонаиха ауданына барады

Онкологиялық қызметтің мониторингі мен бағалау тобы Шемонаиха ауданына барады - ШҚО КӨПСАЛАЛЫ ОНКОЛОГИЯ   ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
22 04 2024 56

23 сәуірде Шемонаиха ауданына ШҚО ДСБ штаттан тыс бас онкологы Гульмира Сагидуллина мен ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары құрамында онкологиялық қызметтің мониторингі мен бағалау тобы (бұдан әрі - МжБ) келеді.

МжБ тобы қатерлі ісіктердің ерте диагностикасын жақсарту мақсатында МСАК ұйымдарына консультациялық және практикалық көмек көрсетуге арналған. Сапар барысында онкологтар тексеру кабинеттерінің жұмысын, онкоскринингтерді жүргізуді, «Жасыл дәлізді» іске асыруды талдайды, сондай-ақ ауданда онкологиялық қызметтің тиімділігін жақсарту бойынша бағалау мен ұсынымдар береді.

Жұмыс барысында онкологиялық орталықтың мамандары пациенттерді қабылдайды, сондай-ақ онкологиялық сақтық және қатерлі ісіктердің алдын алу мәселелері бойынша қажетті кеңес береді.

Онкологтарды қабылдау Шемонаиха ауданының орталық аудандық ауруханасында Шемонаиха қаласы, Повстанческая көшесі, 87 мекенжайы бойынша өтеді.

Comments System WIDGET PACK