Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

Семинар

Семинар - ШҚО КӨПСАЛАЛЫ ОНКОЛОГИЯ   ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
24 04 2024 27

2024 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен Шығыс Қазақстан облысының квазимемлекеттік секторының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің өкілдері үшін оқыту семинары өткізілді.

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК оқу семинарына комплаенс-офицері А.В. Климова қатысты.

Оқыту семинарын өткізу барысында сөз сөйледі:

I. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бірінші орынбасары Т.М. Башев өз сөзінде Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтан қорғау шарасы ретінде комплаенс жүйесі және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

II. ШҚО бойынша ҚАПК превенция басқармасының бас маманы М.Б. Қалиев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау әдістерін түсіндірді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша пысықталып жатқан шаралар туралы айтты.

III. ШҚО әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы Е.В. Карпова ЖАКЖ жүргізу көздеріне және облыс әкімінің сайтында орналастырылған сыбайлас жемқорлық Картограммасына назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін түсіндірді.

IV. ШҚО Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы А.А.Каленова өз баяндамасында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу туралы айтты.

V. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚ филиалының профессоры Г.В.Грызунова ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы сөйлеген сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құрамдас бөліктерін көрсетті, сөз соңында барлық қатысушылар қатысқан тренинг өткізілді. Сондай – ақ, ISO-37001-2017 стандарты бойынша «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі. Талаптар және пайдалану жөніндегі Нұсқаулық».

VI. С. Аманжолов атындағы ШҚУ Психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ю.Е.Кукина оқыту семинарының қорытындысын шығарғаннан кейін корпоративтік мәдениетті қалыптастыру бойынша психологиялық тренинг өткізді.

Оқыту семинарын ұйымдастыруға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға офицері Г.А. Бекбаева тікелей қатысты, ол қатысушылардан келіп түскен сұрақтарға толық жауап берді Семинардың қорытындысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша ағымдағы мәселелерді талқылау болды.

Comments System WIDGET PACK