ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» көрсететін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің ТІЗБЕСІ
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға, шетел азаматтарына және ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі және оған барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер кіреді.
ТМККК-ге кіреді:
- Бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша амбулаториялық-емханалық көмек – консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
- Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен айқындайтын, жоспарланған көлем шеңберінде БМСК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
- БМСК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
- Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.
- Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейіргер күтімі.
Емдеу қызметтері мыналарды қамтиды:
- медициналық көрсеткіштер бойынша емдік манипуляциялар;
- уәкілетті органмен бекітілген, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сай жалғастырылатын медициналық оңалтуды (бұдан әрі – стандарт);
- жыл ағымында емдеу-профилактикалық мекеменің басшысымен бекітілген, өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың тізімі негізінде дәрілік формулярдың шегінде медициналық көрсеткіштер бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау саласындағы стандарттарына сәйкес зертханалық зерттеулер;
- емдік тамақтану.