Маммология және онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі МҰХАМЕДЖАНОВ СЕРІК БАЗЕНҰЛЫ, жоғары білікті санатты хирург-онколог дәрігері.
Әйелдер репродуктивті жүйесінің қатерлі, қатерсіз және обыр алды ауруларына диагностика және емдеу көрсететін Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының жаңа сапалы құрылымдық бөлімшесі.
Бөлімшенің міндеттері:
- әйелдер арасында онкогинекологиялық және онкомаммологиялық ауруларды ерте анықтау;
- жоғары заманауи деңгейде науқастарға мамандандырылған хирургиялық және емдік көмек көрсету;
- операциялық және оңалту кезеңдерінде емделушілер арасында өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған заманауи емдеу әдістерін қолдану;
- медициналық оңалту мерзімін қысқартуға, пациенттердің өмір сүру сапасын және психо-эмоциялық жағдайын жақсартуға арналған хирургиялық емнің органосақтаушы пайыздық үлесін арттыру.
- әйел адамдардың денсаулығын сақтау мақсатында тиімді диагностикалық, алдын алу, санитарлық-ағартушылық, ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар кешенін өткізу.
Емдеу қызметі.
Күндізгі стационардың 20 төсекке және күндізгі стационардың 5 төсегіне арналған бөлімшеде жылына орташа 700-800 бейінді операциялар жүргізіледі, олардың ішінде:
– маммологиялық бейін:
- Мадден бойынша радикалды мастэктомия
- Пейти бойынша радикалды мастэктомия
- Холстед Майер бойынша радикалды мастэктомия
- Сүт безінің кеңейтілген секторалдық резекциясы
- Сүт безінің секторалдық резекциясы
- Сүт безінің қосымша үлесін жою
- Сүт безінің лампэктомиясы
- Кеуде безінің гинекомастиясы
– онкогинекологиялық бейін:
- вульвоэктомия
- оментэктомия
- тубовариэктомия
- гитерэктомия (1 түрі)
- гистерэктомия (2 түрі)
- гистерэктомия (3 түрі)
- лапаротомия
- лапароскопиялық гистерэктомия және қосалқыдағы операция
- лапароскопиялық толық абдоминальды гистерэктомия
- лапароскопиялық цистовариоэктомия
- модификацияланған экстраперитониалды артқы экзентерация
- жүйелі аймақтық периаорталық және жамбас лимфодиссекциясы
- диафрагма стриппингі
- перитонеумэктомия
Бөлімшеде емделушілердің сәтті емделуіне және қолайлы болуына барлық жағдай жасалған. Мамандардың лауазымдық міндеті емдеу-қорғау режимін дұрыс ұйымдастыру және міндетті түрде сақтау, өткізілетін емдеу-диагностикалық іс-шаралардың сапасы, кәсіби білім деңгейін арттыру, маммологиялық және онкогинекологиялық бейіндегі науқастарды жүргізудің дұрыс және қазіргі заманғы тактикасы болып табылады. Біздің қызметкерлер жақын және алыс шетелдерде өз біліктіліктерін үнемі жоғарылатады. Бөлімшеде әйелдердің жыныстық жүйесінің қатерлі патологиясы бар науқастарды диагностикалау мен емдеудің заманауи халықаралық стандарттары табысты енгізілуде және қолданылуда. Қандай да бір емдеу әдісін немесе олардың комбинациясын таңдағанда біздің дәрігерлер әр пациентке және оның проблемасына тек жеке қарау арқылы көптеген факторларды басшылыққа алады.
Бөлімше меңгерушісі: Серік Базенұлы Мұхамеджанов, операция жасайтын дәрігерлер И.Л. Чертищева, Б.М. Мукадиева, З.К. Меирманов, Ж.Е. Жагниев.
Бөлімшенің аға мейіргері–Түсүпбекова Клара Капановна