Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі КИМ НАТАЛЬЯ ВЛАДИМИРОВНА, жоғары білікті санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері.
Мамандандыру – онкологиялық хирургияда анестезиологиялық қамтамасыз ету, онкологиялық пациенттерді реанимациялау және қарқынды терапия.
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия (АРжҚТБ) бөлімшесінде денсаулық сақтаудың әлемдік тәжірибесінде қолданылатын анестезия мен қарқынды терапияның тиімді заманауи әдістері енгізілген.
Операциялық араласуларды қамтамасыз ету
АРжҚТБ қызметкерлерінің басты басымдығы операция және емдеу-диагностикалық манипуляцияларды орындау кезінде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бөлімше оперативтік араласудың барлық түрлерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ кіші операциялар, манипуляциялар мен зерттеу процедуралары кезінде ауырсынуды басады.
Жүргізеді:
- операция алдындағы науқастың жағдайының ауырлығын бағалау, анестезиологиялық қауіп дәрежесін анықтау
- науқасты операцияға дайындау мақсатында көрсеткіштерді анықтау және қажет болған жағдайда қарқынды терапия жүргізу;
- премедикация тағайындау және анестезия әдісін таңдау;
- анестезия және қарқынды терапия кезінде науқастың функционалдық жағдайының мониторингі;
- егер медикаментозды ұйқының ұзаруы үшін айғақтар болмаса, жалпы анестезиядан кейін науқастарды ояту.
Операциядан кейінгі кезең
Операциядан кейінгі кезеңде емделушілерді емдеудің негізгі міндеті бөлімшеден келіп түсетін емделушілерде ауру, жарақат, операциялық араласу және басқа да себептер салдарынан тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіру және қолдау бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Жүргізеді:
- әртүрлі себептерге байланысты ауырсыну синдромын жою, оның ішінде емделмейтін аурулары бар емделушілерге.
- ағзаның функционалдық жүйелерінің ауыр бұзылыстары бар емделушілерге қарқынды терапия;
- операциядан кейінгі ерте кезеңде емделушілерді емдеу;
- ағза мүшелері мен жүйелерінің бұзылған функцияларын алмастыру (бауыр, бүйрек, тыныс алу жеткіліксіздігі, шоктар, қан ұю функцияларының бұзылуы, үлкен қан жоғалтулар, инсульттер, жүрек жеткіліксіздігі, коматоздық жағдайлар, тамақтанудың жетіспеушілігінің ауыр түрлері, сепсис);