Бөлімше меңгерушісі Баймұсанов Әділбек Нұрбекұлы, жоғары санатты онкохирург-уролог дәрігері
Жалпы онкохирургия бөлімшесі Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының негізгі және ірі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Қатерлі және қатерсіз аурулармен ауыратын науқастарды жоғары технологиялық жедел және кешенді емдеу жүргізуге маманданған:
- өкпе, кеңірдек, көкірек және өкепе қабығы
- өңеш, асқазан, ішперде қуысы мүшелері және ішперде кеңістігі, сондай-ақ тоқ ішектің және тік ішектің обыры кезінде ағзаны қорғау операцияларын жүргізу
- бүйрек, бүйрек үсті безі, қуық, простата, қуық безі
- реконструктивті-пластикалық және шағын инвазивті эндоскопиялық хирургияны қолданумен бас және мойын ісіктері
- тері және жұмсақ тіндердің ісіктері, пластикалық және қалпына келтіру операцияларын жүргізу
Пациенттерді хирургиялық емдеу негізінде онкологиялық барабарлықтың, қауіпсіздік пен функционалдылықтың принциптері жатыр. Барлық операциялық араласулар әлемдік стандарттар мен қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғылыми әзірлемелерге сәйкес жоғары кәсіби деңгейде орындалады.
Стандартты операциялық емдеуден басқа аралас операциялар, орган сақтау және функционалдық-тиімді араласу жүргізіледі.
Бөлімше хирургтары жоғары технологиялық хирургиялық операциялардың барлық кешенін орындайды.:
- Көмей обыры кезінде радикалды ларингэктомия;
- Өңеш және асқазан обыры кезінде кеңейтілген аралас гастроэктотомия;
- Ұйқы безі обыры кезінде радикалды панкреатэктомия және субтоталды панкреатэктомия;
- Тоқ ішектің қатерлі ісігі кезінде радикалды гемикоэктомия
- Тік ішек обыры кезінде радикалды операциялар
Бұдан басқа эндовидеохирургиялық операциялар жүргізіледі:
- Асқазан ісіктері кезіндегі лапроскопиялық операциялар;
- Жатыр обыры кезінде лапароскопиялық радикалды абдоминалды гистерэктомия;
- Бүйрек үсті ісіктері кезіндегі лапароскопиялық адреналэктомия
- Бүйрек обыры кезіндегі лапароскопиялық нефрэктомия;
- Бүйрек лапароскопиялық резекциясы;
- Қуық обырында лапароскопиялық радикальді цитэктомия;
- Қуықасты безінің обыры кезіндегі лапароскопиялық радикалды простатэктомия;
- Колоректальды обыр кезіндегі лапароскопиялық резекциялар
Басымдылық жоғары технологиялық, функционалдық және органқорғау операцияларын орындау болып табылады. Әрбір пациентті емдеу әдісін таңдау туралы барлық шешімдер торакальды және абдоминальды хирургтар, радиолог, химиотерапевт, рентгенолог, психолог және әлеуметтік қызметкер қатысатын мультидисциплинарлық комиссияда қабылданады.
Бөлімше меңгерушісі Ә.Н. Баймұсанов, жоғары білікті санатты дәрігер-хирург, тәжірибелі дәрігерлер мен жас мамандар операция жэасайды: Е. Т. Құсайынов, Х. Т. Өмірзақов., Мағзұмов М.Ж., Камзин К.Ж., Сейтбаев Р.Т., Ибраев А.Е.
Бөлімшенің аға мейіргері-КарповаА.С., жоғары біліктілік санатының медбикесі.