Акулова Эльвира Абытаевна Әкімшілік-шаруашылық бөлімін басқарады
Бөлімде 31 адам жұмыс істейді.
Міндеттер:
Бөлім қызметкерлері аурухана қызметін қамтамасыз етумен айналысады: ғимараттарға, б-лмелерге, жабдықтарға (лифтілерге, жылыту жүйелеріне, сумен қамтамасыз етуге, канализацияға және электр желілеріне, желдетуге, ауа баптауға, бейнебақылауға және т.б.) техникалық қызмет көрсету, оларды ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, жиһазбен, шаруашылық бұйымдармен, инженерлік және басқару еңбегін механикаландыру құралдарымен жабдықтау, көліктік қамтамасыз етуді және объектілерді қорғауды ұйымдастыру.
Сонымен қатар бөлім өз құзыреті шегінде санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады..
Бөлімге өртке қарсы қауіпсіздік қызметі және біздің кәсіпорынның техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі бекітілген.
Қызметтері:
- Аурухананың ғимараттарын, бөлмелерін, жабдықтарын олардың сақталуын және техникалық жағдайын бақылау мақсатында түгендеуге қатысу.
- Негізгі қорларды (ғимараттарды, сумен жабдықтау жүйелерін, ауа құбырларын және басқа да құрылыстарды) ағымдағы және күрделі жөндеуді жоспарлау, шаруашылық шығындар сметасын жасау.
- Аурухана бөлімшелерін жиһазбен, шаруашылық бұйымдармен, инженерлік және басқару еңбегін механикаландыру құралдарымен қамтамасыз ету, олардың тиімді пайдаланылуын, сақталуын, уақтылы жөндеу жүргізуді бақылау.
- Басқа ұйымдармен жұмыс жүргізу және қызмет көрсету шарттарын жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеу.
- Кеңсе құралдарын, шаруашылық материалдарды, жабдықтарды, мүкәммалды алу және сақтау, олармен аурухананың құрылымдық бөлімшелерін қамтамасыз ету, олардың жұмсалуын есепке алу.
- Шаруашылық мақсаттар үшін бөлінетін материалдар мен қаржы қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау.
- Көркейту, көгалдандыру, аумақты тазалау.
- Ұйым қызметін көліктік қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- Техникалық жабдықтарды (электр желілерін, лифттерді, жылыту жүйелерін, желдетуді және т. б.) пайдалануды және уақтылы жөндеуді ұйымдастыру, ұйымның ғимараттары мен үй-жайларын электр энергиясымен, жылумен, газбен, сумен үздіксіз қамтамасыз ету, олардың ұтымды жұмсалуын бақылау.
- Өткізу режимін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
- Қоймалардың қызметін ұйымдастыру және бақылау.
- Аурухана қызметкерлері арасында ұйымның ғимараттарын, бөлмелері мен мүлкін дұрыс жағдайда ұстау мен сақтауды қамтамасыз етуге, жабдықтарға ұқыпты қарауға және материалдық және энергетикалық ресурстарды (электр энергиясын, жылуды, суды, кеңсе керек-жарақтарын, шығыс материалдарын және т.б.) үнемді пайдалануға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
- Өртке қарсы және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.
- Техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша іс-шаралар өткізу.